Алматыда Блефаропластика жасатқан әйелдер хирургты жауапқа тартуды талап етіп шу шығарды
- автор kyn.kz
- 29 қыркүйек, 2023
- 3.8k
Қабағы әдемі болу үшін блефаропластика жасатқан әйелдер көздерін қатты зақымдап алған. Олар пластикалық отаның көңілінен шықпай, керісінше, зиян болғанын айтып шағымдануда, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде қабақ жасатқан нәзік жандылар алматылық пластикалық хирург Данияр Байбосыновтың жұмыстарына шамданды. Айтуларынша, бет-әплетіндегі кем-кетікті дұрыстаудың орынына көзінің айналасына зақым келтірген.
"Кішкентайымда мидағы ісікті алдыру үшін ота жасатқан едім. Содан соң басымда үлкен тыртық қалды. 18 жасымда тыртықты кетіру үшін Байбосыновқа косметикалық тігіс жасаттым. Бірақ ол тыртығымды одан сайын кеңейтіп, айқын қылып жіберді”, – деді қыз.
“Танысым оның қызметіне жүгінді, бірақ содан кейін көзін жұма алмайтын болып қалды. Одан соң басқа маманға баруға мәжбүр болды”, – деді желі қолданушысы.
“18 жасымда төменгі қабақ блефаропластикасын жасаттым, себебі бала күнімнен бері көзімнің пішінінен ұялатынмын. Алайда ол төменгі қабақтарымды кесіп, тілімдеп тастады. Көздерім екі түрлі боп кетті. Оған барып, шағымданған кезде өзіме дөрекілік танытып, айқай салды. Ал мен бұл отаға көп шығындалып едім”, – деді пластикалық отадан жапа шеккен қыз.
Данияр Байбосынов желіде өзі бұл шағымдарға жауап берді.“Өкінішке қарай пластикалық отадан кейін асқынулар болады және ол әрдайым дәрігерге байланысты емес. Себебі әр ағзаның өз ерекшеліктері бар. Отаға дейін де, кейін де маманның нұсқаулығын сақтаған жөн”, – деді Данияр Байбосынов .
Қорытынды Өскемен қаласындағы “Клиника микрохирургии глаза” ЖШС маманынан алынған. Ол үш қорытындыны да Байбосыновтың пайдасына шығарып, қыздар айтқан шағымның отаға қатысы жоқ екенін көрсетті.“Фотодағы пациенттерім Қамажай мен Сәуле. Олар ота жасалғаннан екі күннен кейін арнайы пластырьды жұлып тастаған. Соның кесірінен көп мөлшерде қан кетті. Алғашында емге келіскенімен, кейін бас тартты”, – деді Байбосынов.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар енді дәрігердің қатесі үшін төлем ала алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
Алматыда қолдан жасалған шарап ішкен ер адам уланып қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024