Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Төреғали Төреәлі қандай қоғамдық жұмысқа тартылады

Төреғали Төреәлі қандай қоғамдық жұмысқа тартылады
Инстаграм парақшасынан алынды
Адвокаты атақты әншінің кінәсі дәлелденсе кез келген жұмысты істейтінін мәлімдеді.

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі маусым айында Алматы қаласында 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған  ісі әлі аяқталмаған еді. Өнер иесіне 40 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасына тартылған болатын. Осы іске әншінің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев NEGE.KZ -те сот ісінің мән-жайын баяндап берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Адвокаттың айтуынша, белгілі өнер иесінің қылмысы әлі толықтай дәлелденбеген. Олар бұл жазамен келіспейді екен. Кәнісі дәлелденсе  атақты әнші жұмыс істеуден қашпайды деді. 

"Әкімдік анықтайды. Әзірге қандай жұмыс істейтіні белгісіз. Бірақ алда апелляция бар, әлі соттасамыз. Себебі қырық сағат жұмысқа жегеді деген жазамен келіспейміз. Себебі, ол кінәсі жоқ адам. Жазықсыз айыпталып отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, қандай жұмыс берсе де орындауға әзір. Бірақ кінәсі дәлелденген жоқ. Сот шешімімен келіспейміз. Сондықтан істі қайта қарауға береміз", - деді әншінің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев.

 

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар