Алматыда жекеменшік мектептің 1- сынып оқушысы зорланғанын айтып анасы дабыл қағуда (видео)
- автор kyn.kz
- 30 қыркүйек, 2023
- 7.5k
Алматыда 5 баланың анасы халықаралық жеке меншік мектептің 1-сыныбына енді ғана барған ұлының зорлық көріп, психологиялық күйзеліске түскенін айтып дабыл қағуда, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Баланың анасы қоғамдық резанас тудырып, мәселенің дұрыс шешілуі үшін видео үндеу жасаған. Онда ол жағдайды қалай анықтағанын толық баяндап берді.
"Баланың өзін ұстауы күрт өзгерді. Мектептен алып кетуге барғанымда шалбарының арқасы жыртылып қалғанын байқадым. Шешіп, тігіп берейін дегенімде жыртықтың тура тоқ ішек тұста екенін байқадым. Одан әрі ішкиімі теріс киілген. Шалбар мен ішкиім толы айғыз іздер. Баланың тоқ ішегі мен жамбасында жараның ізі барын көрдім. Өкінішке орай дәрігерлер бұл тек физикалық зорлықтың кесірінен салынған жара екенін анықтап, айтып берді",-дейді баланың анасы.
Бұл жағдайды білген ана бірден мектеп директорына барған. Үлкен жиын болып, талқылау өткен. Бірақ мектеп директоры барлық ата-аналардан қазірге ешқандай шу шығармай тұруды сұрапты.