Алматыда элиталық жекеменшік мектепте 7 жасар ұл баланы зорлау фактісі бойынша істі полиция зерттей бастады
- автор kyn.kz
- 2 қазан, 2023
- 3.4k
Алматыдағы элиталық мектепте 7 жасар баланы зорлау фактісі бойынша жауапты қызметкерлер тергеу амалдарына кірісті. Қорлық көрген оқушының анасы түсірген арыздың негізінде қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Баланың анасы әлеуметтік желіде видео жариялап, оқиғаның айтып берді. Көп балалы ананың сөзіне қарағанда, бірінші сыныпқа барған ұлы үйге жыртық шалбармен келген. Оған мән беріп қараған да шалбардың артқы жағы, яғни тура тоқ ішек тұсы жыртылғанын байқаған. Түсінбеген соң, әрі іш киімін тексеріп, оның теріс киілгенін байқаған. Шалбар мен іш киімнен ақ дақтың іздерін көрген. Сосын оқушының тоқ ішегі мен жамбасында жараның ізі барын байқаған.
Медицина қызметкерлері бұл физикалық зорлықтың кесірінен болған жара екенін анықтаған.
"Мен бірден полицияны шақырып, арыз түсірдім. Содан бері біз сот-медициналық сараптамадан да өттік. Киімді де сараптамаға бердік. Балам түнде дұрыс ұйықтамай жүр, қараңғыдан қатты қорқатын болды. Қазір бір психологпен жұмыс істеп жатырмыз", - дейді жапа шеккен баланың анасы.
7 жасар бала 13 қыркүйектен бері сабаққа қатыспай жүр. Қазіргі кезде Бостандық аудандық полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 121-бабы 3-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша тергеу шараларын бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Сонымен қатар істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тиісті тергеу шаралары кешені жүргізілуде. Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында", - дейді полиция қызметкері.