Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы табысты өмірге жетудің лайфхактарымен бөлісті. Ол ақшаны қалай көп болатынын айтты. Бірінші, ешқашан ақша жоқ деп айтпау керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл жайлы «Жаңа түнгі студияда» берген сұхбатында айтқан еді.
Танымал кинолардың продюсері Баян Мақсатқызы таңды алғыс айтумен бастау керектігін айтты. «Бірінші Аллаға маған берген өмірі үшін рақмет айтамын. Онда болып жатқан барлық оқиғаға алғыс айтамын. Күнде соны жасап көріңіздер. Содан соң, қалай өміріңіздің өзгергенін байқайсыз. Кейін, маған рақмет айтасыздар осы құпиямен бөліскеніме. Басқа құпияларымды ашпаймын, тек осымен ғана бөлісемін»,- деді ол.
Актриса қазіргі кездегі ой-санамен жұмыс жасайтын коуч болғысы келмейтінін айтты. Продюсердің онлайн, офлайн курстар жасауға құлшынысы жоқ екен. «Ой, құдай сақтасын . Менің өмірімде қателіктер көп. Мен не деп айтамын»,-деді ол.
«Ақша көп емес деп айтпаңыз, ол кезде ақша болмайды. Ақша көп. Сізге жететіндей ақша бар. Мен ешқашан да айтпаймын ақша жоқ деп. Ақша бар. Ол өте көп»,-дейді Баян Мақсатқызы.