Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Құтқарушылардың министрге ақша жинағаны туралы мәлімдемеге қатысты ТЖМ жауап берді

Құтқарушылардың министрге ақша жинағаны туралы мәлімдемеге қатысты ТЖМ  жауап берді
Ашық дереккөзі
ТЖМ: ақпарат шындыққа жанаспайды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы кезекті арандатуышылықты іске асыру болып табылады

Зуялхан Гасановтың Түркістан облысы құтқарушыларының Төтенше жағдайлар министріне ақша жинағаны туралы мәлімдемесіне қатысты жауап берді. Бұл ақпаратты  ведомство Telegram-дағы ресми арнасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

"Бұған дейін Зуялхан Гасанов (2022 жылы) жала жапқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған болатын. Бұл азамат қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының қызметкері емес, өйткені ағымдағы жылдың мамыр айында теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Ол бірнеше рет осындай мәселе бойынша ТЖМ-ға жүгінді, бірақ тексеру нәтижелері бойынша ол көрсеткен дәлелдер расталмады. Осыған қарамастан, өтініште айтылған әрбір факт бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп қызметтік тергеу жүргізілетін болады", - делінген хабарламада.

ТЖМ өз қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша барлық қажетті шараны жүзеге асырып жатқанын  хабарлады."ТЖМ-нің барлық жеке құрамына, атап айтқанда Түркістан облысының ТЖ департаментіне еске саламыз. Біздің министрліктің барлық қызметкері үшін "WhatsApp" мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тікелей телефон нөмірі + 7 747 651 75 88 жұмыс істейді, жедел және шұғыл шешімдерді қажет ететін проблемалық мәселелермен жүгінуге болады. Өтініштің құпиялылығы сақталады", - деп хабарлады ведомстводан.

 

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар