Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Журналист: қазақ үшін жанын қиған азаматтың ұрпағы қазақ халқын мүлде білмейтінін естіп қынжылдым

Журналист: қазақ үшін жанын қиған азаматтың ұрпағы қазақ халқын мүлде білмейтінін естіп қынжылдым
Ашық дереккөзі
Журналист Гүлмира Әбіқай Әлихан Бөкейхановтың ұрпақтары жайлы тың деректермен бөлісті

Журналист Гүлмира Әбіқай Әлихан Бөкейхановтың ұрпақтары жайлы тың деректермен бөлісті.Ол Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың ұрпағы қазақ тілін білмейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

“Біз қазақша білмейміз, Қазақстанның өмірі жайлы да еш нәрсе білмейміз. Біздің әулеттегі жалғыз қазақ Әлихан бабамыз. Оның баласы, яғни атам, әкем, тіпті, мен де орыс қызына үйлендік. Біз қазақша білмейміз, жазбаймыз, сөйлемейміз. Қазақстанның өмірі жайлы да еш нәрсе білмейміз”,- дейді ұлт көсемінің шөбересі Петр. 

Өмірін қазақ халқының бостандығына  арнаған Әлихан атамыз Семей өңірінде дүниеге келіп Мәскеуде өлім құшқан. Ізденімпаз тұлғаның  арғы атасы әйгілі Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. 

"Ауылдағы молданың оқуына қанағаттанбаған Бөкейханов білім іздеп Ресейге аттанады. Аласапыран студенттік кезден-ақ қазақтың азаттығын жоқтаған азамат жандармерияның қара тізіміне ілінген еді. 23 жасында “Қазақтың суармалы егістік жерлерінің алынуы”, “Дала өлкесінің түкпіріндегі орыс қоныстарын қайтару” жайлы батыл жазып, сынға ілінген",- деп жазды журналист. 

Қазақ даласына патша өкіметіне қарсы алғашқы петицияны бастаған Әлихан Бөкейханов еді. Ол 1915-ші жылы Патшаға талап қойып, қазақ дерінде балаларбың қазақ тілінде білім алуын қалаған болатын.
 

"Алаш, алаш деп жүріп қайраткер 34 жасында орыс қызына үйленді. Елена Севостьяновадан туған қызы Зейнеп кейін Елизавета, ұлы Өкітай Сергей атанды. Мына Петр сол Өкітайдың немересі. Хан-сұлтанның тікелей ұрпағы ретінде “Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын” деп өз сертіне соңғы демі қалғанша адал болған арысым",- деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Журналист белгілі тұлғаның немересінің сұхбатын оқып іші ашығанын айтты. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар