Алматы облысында анасы 13 жасар баланы мұғалім ұрып, миы шайқалды деп дабыл қағуда
- автор kyn.kz
- 2 қазан, 2023
- 2.2k
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Таңбалы тас ауылында Арлан есімді бала мұғәлімінен зәбір көрген. Анасының айтуынша, дене шынықтыру пәні мұғәлімі баланы ұрып-соққан . Бала осы жағдайдан соң, бас ми жарақатын алып, миы шайқалған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Жапа шеккен балананың анасы мұғәлім Айдос Сапарбаев өз іс-әрекетініне заң алында жауап беруін сұрауда. Оның айтуынша, сабақ үстінде мұғәлімі баласын ұрып-соққан. Соның салдарынан қазір бала бас ми жарақатын алған.
«Құлағымнан бұрап, мойынынмнан ұстап басымнан ұрды. Ол маған қатты тиді, содан соң мені тепті», - дейді Арлан. Баланың сыныптастары да болған оқиғаны растап тұр. «Айдос ағай бірінші оның құлақ шекесінен ұрды», -дейді олар.
Ал, кінәлі деп танылған дене шынықтыру пәнінің мұғәлімі Айдос Сапарбаев бұның бәрін жоққа шығарды. Ол баланы мүлдем ұрмағанын айтты. Оқиға орын алған білім ордасының директоры болған жағдаймен таныс екен. Ол мұғәлім балаға зиян келтірмеді деп отыр.