Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әйтенова ажырасқан әйелдер жайлы пікірінен кейін өзіне сый-құрмет көрсететін азаматтар көбейгенін айтты

Әйтенова ажырасқан әйелдер жайлы пікірінен кейін өзіне сый-құрмет көрсететін азаматтар көбейгенін айтты
KYN.KZ
Журналист: жүрген жерімде маған сыйлық беретіндер көбейді

Меруерт Әйтенованың "ажырасқан әйелдер -қоғамның соры" деп айтылғаны пікірі қоғамда  әйелдер арасында дау тудырғанымен, ер азаматтар тарапынан құрметке ие болған. Журналисттің осы сөзінен кейін қоғамдық орындарда ерлер қауымы жылы қарсы алып, үнемі көмек көрсеткен екен. Журналист "мен жаман еркек көрмей қалдым" деп ағынан жарылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Журналистің ток шоуда айтылған сөзінен кейін абыройы артқан екен. Өзіне ұқсауын қалап, баласының аузына түкірткісі келегендер де болғанын жасырмады. Көлігін ерлер қауымы тегін жуып беріп, сыйлыққа толтырып ет беріп жіберген. Меруерт Әйтенова ол сөзді өзі көрген ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына қарап айтқан екен. Журналист  елге тарап, шоу болсын деген ниетпен айтпадым деп отыр. 

"Құдай енді жарыққа шықшы енді , 30 жыл журналистика жүрсіңғой. Жарыққа шықшы деп хабарларға сіңген еңбегімді осылай шығарып берді. Сондықтан да бұған күшті қараймыз. Енді ұрып кетем, соғып кетем дегендер әйелдер мені ұрып кете алмайдығой. Екі үш әйелдің шашын жұлып қолына беретін әйелмінғой. Ал енді еркектерге келсек ұрып соғып кететін еркектер еді. Еркектер мені 100% жақсы көреді. Сол у-шудың шыққанына бір ай болып қалды ма.

Бір айдың ішінде үйде жатпадым. Бір байқағаным 70% әйелдер ажырасып, еркек жаман, еркек тиран деп жаман қылып көрсетіп жатырғой мен жаман еркек көрмей қалдым. Мойкаға кірем "ойбай апай сіз ба, қазір " дейді, тез-тез көлікті жуып жібереді, ақшасын төлесем алмайды. Аэропортта отырамын қасымдағы қыз екеуміз кофе аламыз, мынаған тіске басар бірдеңе беріңдер дедім "апай қандайын жейсіз" деп бірден әкеп береғойды.

Міне абырой деген. Одан кейін бір жігіт жүгіріп келіп, "апай, баламның аузына түкірші, сіздей болса ұлым жаман болмайды" деді. Дәл сол оқиғадан кейін болып жатырғой. Екі-үш кг ет ала қояйыншы дегемғой сөйтіп еттің дүкеніне кіргемғой, "ойбай апай, багажыңды аш біреуін толық саламын, сіздей апай қалай аз кішкентай ет жейді",деп толтырып ет салып берді.  Ол сөзді мен шоу үшін айтпадым.

Шын жаным ашып айттым.  10 жылдық сарапшылық менің тәжірибемде әбден әйелдер мына құйтырқы мінездеріне қанық болған адаммын да . Ана жерге жылап келіп, мына жағында басқа нәрсе істеп кететін ерлі-зайыптылардың қылықтарына әбден тойғанмын. Мен қатты ашуланып соны айтып едім. Ол сөзден жаман нәрсе іздеп кеттіғой",- деді Меруерт Әйтенова.

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар