Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде анасы 3 айлық баласын кафе қызметкеріне ұстатып, өзі құрбыларымен ішіп кеткен

Ақтөбеде анасы 3 айлық баласын кафе қызметкеріне ұстатып, өзі құрбыларымен ішіп кеткен
kyn.kz
Қырқынан шықпаған баланы кафе жұмысшысы кешке дейін қарап отырған. Болмаған соң полиция шақырды.

Ақтөбеде тәртіп сақшылары жаңа туған сәбиін тастап арақ ішуге кеткен келіншекті ата-ана құқығынан айыруды сұрап отыр. Қазір комиссия талқысына салуға құжат әзірлеп жатыр, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

 "Көшеге шыққаннан кейін таныстарын кездестіріп, ішімдік ішіп кеткен. ҚР ҚК 127 бабы 1-ші бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ата-ана құқығынан айыруға құжаттар дайындалып, комиссияға жіберіледі",-дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

31 жастағы келіншектің босанғанына небәрі үш апта болған. Қырқынан шықпаған бөбегін дәмханадағы бейтаныс әйелге ұстатып, «қазір келемін» деп кетіп қалады. Кеш батқанша келіншекті күткен тұрғын ақыры полицейлерге хабарласады.

Тәртіп сақшылары өз баласын қайда тастап кетікенін ұмытқан ананы масаң күйде тауып алған. Ол жолай таныстарын жолықтырып, қыдырып кеткенін айтыпты. Өзі пәтер жалдап жалғыз тұрады екен. Бөбек қазір «Үміт» сәбилер үйінде. Мамандар баланың денсаулығы жақсы, толық жетілген деп отыр. Комиссия келіншекті ата-ана құқығынан айырар болса, бала осы сәбилер үйінде тәрбиелене береді.


 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар