Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Гүлзира Айдарбекова қыз-келіншектерге үйдің берекесін кіргізудің құпиясын айтты

Гүлзира Айдарбекова қыз-келіншектерге үйдің берекесін кіргізудің құпиясын айтты
Видеодан кадр
Жұрт Гүлзира Айдарбекованың даналығына қызықты

Продюсер Гүлзира Айдарбеков Instagram желісінде  қыз-келіншектерге кеңес берді. Ол отбасындағы бірлік пен көңіл-күй тақырыбында сөз қозғады. Негізінен үйде әйелдер қауымына әдемі киініп жүруді ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

"Негізі үйде жүрген кезде әдемілеп киініп алыңыздар. Одан кейін балаларыңызда қуанып отыратын болады. Көңіл күйде күшті болады. Анамыз деп мақтанып. Одан кейін жолдасыңызда сізді құрметтейтін болады. Көбісі шәйдің басында күйеуі екеуі ырылдасып отырады да бала-шағаның бәрінің көңіл күйі түсіп кетеді.

Сондықтан, қолыңыздан келгенше күліп отырып, әдемі киініп сөйтіп жақсылап тамағыңызды, шәйіңізді берсеңіз ол келешекте балалар үшін де жақсы. Кейін өздерінің әйелдерін солай құрметтеп, қарсы алатын болады. Күйеуіңізге айтатын сөзіңізді жатын бөлмеге барғанда жеке айтыңыз. Балдардың алдында оның абыройын түсірмеңіз. Олардың да әкесіне деген құрметі күшті болады. Сол ісіңізге қарап күйеуіңіз сізді сыйлап, ақылдылыңызды өзінің көкейінде ұстайды. Сізге разылығын білдіріп отыратын болады",-дейді Гүлзира Айдарбекова.

Танымал әншінің анасы осылай өз түсінігімен бөлісті. Бұл ақпаратты 2 қазан күні жариялаған еді. Жұрт продюсерге қызықты. "Отбасы ұйытқысы, бірлік, әйел бақыты деген тақырыпты осылар айтса боладығой, әдемі келіншек, балалары өсіп өнген, бақытты әйел" деп желі қолданушылары пікір білдірді. 
 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар