Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында оқушыларға жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен йогурт берілген

Алматы облысында оқушыларға жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын  өтіп кеткен йогурт берілген
көрнекі сурет
Ата-ана: бұлай тегін тамақ беріп улағанша, ештеңе бермегені жақсы

Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл мектептерінің бірінде бастауыш сынып оқушыларына  жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен йогурт берілген.

Балаларға қатысты кезекті жаға ұстатар жаңалық Қазнетте тез тарады. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, балаларға тегін ыстық тамақтан бөлек, 2021 жылы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен "Растишка" йогурты берілген.

 

"Мен қатты шошып кеттім, бүгін балам мектепте жарамдылығы өткен йогурт жеген. Қалғанын үйге әкелді. Балаларға мерзімі өтіп кеткен тамақты қалай беруге болады, бала уланса, кім жауап береді", "Бұл өнімді кім сатып алды? Жарамсыз тамақ бергенше, мүлдем тамақтандырмаған дұрыс", – дейді ата-аналар.

Мектеп басшылығы өнім жеткізушіні өзгерту және келісімшартты бұзу туралы шешім қабылданғанын, іс сотқа жіберілетінін хабарлады. Жеткізушінің өзі көтерме базардан өнім алған кезде жарамдылығы өтіп кеткен өнімдерді байқамай қалғанын айтып ақталды.

Қарасай ауданының білім бөліміндегілер де оқушыларға мерзімі өткен өнімді беру фактісін растады.

- Ақпаратты растау үшін шұғыл жұмыс тобы құрылып, орта мектептің асханасын тексеруге жіберілді. Тексеру нәтижелері бойынша тамақтану сапасына мониторинг актісі жасалды. Тәртіптік жаза жарияланды, кәсіпкерге хабарлама жіберілді, асхана бақылауға алынды, - деді ведомстводан.

Іске полиция да араласты. Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленовтың айтуынша, ҚР ҚК 306-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөзі:Ulysmedia.kz

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар