Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Көзмоншағым" әнінің арқасында орындаушысы Алматыдан үй мен көлік алған

"Көзмоншағым" әнінің арқасында орындаушысы Алматыдан үй мен көлік алған
Инстаграм парақшасын алынды
Әнші хит болған бұл әнінің өміріне көп өзгеріс әкелгенін айтты

Жас әнші Жандос Қаржаубайұлы "Көзмоншағым" әнін орындау арқылы Алматы қаласынан пәтер мен су жаңа көлік алған. Той әндерінің арасында танылған бұл  ырғақты ән тыңдармандардың көңілінен шыққан. Әнші бұл жаңалығын NUR.KZ-ке берген сұхбаттыда айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Әнші хит болған бұл әнінің өміріне көп өзгеріс әкелгенін жасырмаған. «Тойға тапсырыс көбейді. Халық арасында танымалдылығым арттыруда. Бұрын Төреғали ағаларымыз, Абай Бегей ағаларымыз "Аспанға қараймын" сияқты хит әндердің арқасында үй алдым, материалдық жағдайымды жақсарттым" дегенде, ертегі сынды көріп, сенбейтін едім. Бірақ еңбек бәрін жеңеді екен. Себебі, "Көзмоншағым" шыққалы бері Алматы қаласынан үйлі болдым, астыма су жаңа "Toyota camry - 70" көлігін міндім»,-деді ол. 

Әндердің хит болуы жайлы да сөз қозғады. Әннің танылып, хит  болуы тікелей  ән мен әншінің бағына байланысты деген.  "Қазір өзі сондай дәуір болып тұр. Екіншіден, ол әндер халықтың құлағында қалған. Сондықтан, ел өзі мұндай әндерді естісе елең ете қалады. Ел ескі әндерді сағынған. "Қазіргі әндерде мағына жоқ, мән жоқ" деп жатады. Дәл сол үшін ескі әндерді жастар арасына таратып жатырмыз. Менің орындауымда Өктем Алтаевтың "Жұмбақ қыз" әні бар. Ол әнді ағамыздың өзінің рұқсатымен жаңартып жаздық. Және "Ақмаралым деген ән бар",-деді жас әнші. 

Жандос Қаржаубай ұлының әнші болуын таңдаса, қарсы болмайтынын айтты. Одан бөлек қазір өзіне жазылып жатқан жаман пікірлерге де еті үйренген екен. 

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар