Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сарыағашта мектеп директоры мұғалімдерден ақша сұрап, қазан айына дейін сабақты бөлмей отырған

Сарыағашта мектеп директоры мұғалімдерден ақша сұрап, қазан айына дейін сабақты бөлмей отырған
Көрнекі сурет. Ашық дереккөзі
Директор бір ай бойы мектепте оқу кестесін жасатпай, мұғалімдерден ақша күтіп отырған

Түркістан облысындағы ауыл мектебінің оқушылары ел қатарлы мектепке барып, қолдарына кітап, дәптер ұстамаған. Сарыағаш ауданындағы шағын мекемеде әлі сабақ кестесі де жоқ. Мұның бәрі директордың мұғалімдерге жүктемені бөлмегендігінен туындағаны анықталды.

Ол сағат бөлу үшін ұстаздардан ақша талап еткен. Бұл туралы «АМАNAT» партиясы жанындағы Республикалық білім және денсаулық сақтау кеңесінің отырысында құқық қорғаушы Айгүл Орынбек айтты. Ал құзырлылар бұдан бейхабар болып шықты, деп жазды KYN.KZ тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

 

"Құзыретті орталық мемлекеттік органның жергілікті атқарушы билік органы Білім басқармасымен байланысының жоқ екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Мәселе сонда. Сіз әкімдікке, білім басқармасына сілтейсіз. Одан бөлек сапаны қамтамасыз ету комитетіне сілтейсіз. Ал соңында әлі күнге дейін, бүгін 6-қазан, әлі күнге дейін мұғалімдердің сабақ жүктемесі бекітілмеді дегеніміз не сөз? Ол айлық алмайды деген сөз. Айлық алмайды дегеніміз не сөз? Ол әлеуметтік теңсіздікке және әлеуметтік наразылыққа алып келеді деген сөз. Ал ол жүктеме қыркүйек айында тамыз кеңесіне дейін бекітіліп болу керек",-дейді депутат Жұлдыз Сүлейменова.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар