Алматылық зейнеткер келіні мен ұлы өзін ұрып, үйден қуып шыққанын айтып жылады
- автор kyn.kz
- 6 қазан, 2023
- 11.1k
Қымбат Бекмурзина екі баланың анасы. Күйеуімен 25 жыл бұрын ажырасып кеткен. Өзі кіші ұлымен тұрып жүрген. Бірақ келіні екеуі сыйыспай қалыпты. Зейнеткердің сөзінше соңғы рет келін сабап, өзін үйден қуып салған.
"Мен 22 қыркүйек күні тойдан сарқыттар алып келдім. Келсем келін ашулы. далаға бәрін топыраққа лақтырды. Қой десем қоймастан, өзімді таяқтап итеріп шығарды. Сол таяқтан аузым қанап, көршілерімнің үйін паналауға мәжбүр болдым. Жедел жәрдем шақырғым да келген жоқ. бірақ қан қысымым көтеріліп, қатты қиналдым. Тіпті сол күні асылып өлмек болдым",-дейді Қымбат Бекмурзина.
Зейнеткер қазіргі күні атында баспанасы жоқ. Ал ұлымен келіні алған үй келіннің атында екен.
"Мен Өскеменде үйім болған. Осы ұл қамалғалы тұрғанда сатып, құтқарып қалған едім. Енді міне 5 немерем бар, ұл мен келін мені сыртқа тепті. Ұлым жаман адам емес. балгерлерге бардым, олар басында дуа барын айтып отыр. Екінші ұлым өзімен-өзі. Мен үйде тамақ пісіріп, балаларды қарап жүгіріп жүремін. бірақ, сонда да ешкімге жақпадым.Қазіргі бұлай айтып отыроғаным өзгелерге сабақ болсын. Жастар осы келіннен үлгі алмасын деймін. Менің айтарым, келінім тура менің басыма салғанды өз келіндерінен көрсін деп қарғаймын",-дейді зейнеткер.
"Қыздар-ай" бағдарламасының тілшілері зейнеткердің келінімен танысып, мәселенің мән-жайын білмекке тырысқан.
"Ол кісі басында мені дұрыс қабылдамаған. Үйде өзі ұрыс шығарады. Ол керісінше мені ұрған. Шуды бастап алып, елдің көзінше "Ойбай өлемін" деп айқайға басты. Мен оны ұрғаным жоқ. Бірақ, бірге тұрғым келмейді, қуғаным рас. Ұлы бүкіл жағдайды көріп тұр. Ол өзі "құрт үйден" деп айтады",-дейді Бекмурзинаның келіні.
Ал зейнеткер болса баласында еш кінә жоғын айтып, барынша ақтауда. Ал оның күйеуі болса үлкен ұлымен тұрады екен. Бірақ, әйелі туралы ешкіммен мүлде сөйлескісі келмейтінін жеткізген.