Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Азия ойындары аяқталды: Қазақстан қоржынында 80 медаль бар

Азия ойындары аяқталды: Қазақстан қоржынында 80 медаль бар
фото: Тұрар Қазанғапов
Медаль саны бойынша Қазақстан нешінші орында екені анықталды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 80 медаль еншіледі.

Қазақстан спортшылары Азия ойындарында 10 алтын, 22 күміс пен 48 қола медаль алды. Жалпы командалық есепте еліміз үздік ондықтың қатарына кіре алмады.

Яғни, Қазақстан құрамасы жиыны 80 медальмен 11 орынға тұрақтады. Азия ойындарында 201 алтын, 111 күміс, 71 қола алған Қытай командалық есепте бірінші орынға жайғасты. Екінші орында Жапония - 52-67-69. Үшінші орында Оңтүстік Корея - 42-58-89. Үндістан төртінші орында - 28-38-41. Ал Өзбекстан құрамасы бесінші орынға тұрақтады - 22-18-31.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар