Петропавлда күйеуін пышақтап өлтірген дәрігерге сот үкімі шықты
- автор kyn.kz
- 10 қазан, 2023
- 25.8k
Павлодарда өзін қорғаймын деп күйеуін өлтірген Екібастұз тұрғынына қатысты үкімі шықты. Дәрігер әйел күйеуімен болған отбасылық жанжалда өзін және құрсағындағы баласын аман алып қалу үшін, мас күйде өзін сүйрелеген күйеуіне пышақ сермеген еді.
Қылмыстық іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қаралды.
"8 мамыр күні сағат 04:55 шамасында Екібастұз қаласында жүктіліктің соңғы аптасындағы әйел күйеуінен таяқ жеп, өзін қорғау мақсатында күйеуін мойыны, қолы және кеуде тұсынан бір пышақ тығып, өкпесіне зақым келтірген. Алған жарақаттарынан ер адам қайтыс болды", – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот келіншекке қатысты үкім кесіп, оны кінәлі деп таныды.
"А.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан, адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ана мен баланың мүддесі үшін, А.-ның 2023 жылы туылған баланы тәрбиелеп отырғандығына байланысты үкімді орындау бес жылға шартты түрде тоқтатылды", – деп атап өтті сот.
Сот үкім шығарар кезде бұл отбасында осындай жағдай жиі болғанын, марқұмның қайғылы жағдайға мас күйде әйілін өзі арандатқанын назарға алған. 31 жастағы травматолог оқиғадан кейін барша халыққа видео үндеу жасаған еді. Онда ол тұрғын үйдің дәлізіндегі видоны көрсеткен. Онда ер адам жүкті әйелді сүйреп, ұруға әрекеттеніп, әуреге салған. Дәрігер сол кезде босанар аптасында еді. Ол ішіндегі баланың, өзінің өміріне қауіп төнгендіктен қорғандым деген еді.