Мәдениет
"Сүйектерім қақсайды":Айнұр Тұрсынбаева ауруханаға әлсіреген күйде әрең жеткенін айтты
- автор kyn.kz
- 10 қазан, 2023
- 15.7k
Ақын: ең қызығы, дәл осы уақытта анам да басқа қалада жедел жәрдеммен ауруханаға жетіпті
Ақын Айнұр Тұрсынбаева аяқ асты денсаулығы нашарлап, дәрәрігерлер көмегіне жүгінуге мәжбүр болғанын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
“Бүгін таңым жедел жәрдем шақыртудан басталды. Есесіне ауруханаға тегін жетіп алдым десем. Бірақ шындығында күлуге шамам жоқ. Сүйектерім қақсап, буындарым біртүрлі ауырып тұр. Жөтелсем қабырғам сынып кететін сияқты. Ауырып жатсам да сіздерге жазып үлгеріп жатырмын.
Демек әзір өлмеймін. Бүгінгі тағы бір проблемам ешкім тамырымды таба алмады. Төрт медбике келіп жеті жерден тесіп тастады. “Тамырыңыз қашып, ұстатпайды” деді. Бесіншісі келіп әрең салды. Қызық иә?! Бүгін анам да жедел жәрдеммен кетіпті. Және оның да тамырын таба алмай, қатты қиналған екен. Ана мен бала бір адам”, – дейді ақын ойларымен бөлісіп.