Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қайрат Нұртас: табысыңды ата-ана, бауырыңмен бөліскенде ғана еселеп көбейтесің

Қайрат Нұртас: табысыңды ата-ана, бауырыңмен бөліскенде ғана еселеп көбейтесің
Инстаграм
Қайрат Нұртас бүкіл отбасының материалдық жағдайы әншілігінің арқасында түзелгенін айтты.

Танымал әнші Қайрат Нұртас тапқан табысыңның берекесін отбасыңмен бірге көру нағыз бақыт дейді. Дәлірек айтсақ, әнші әр тапқан табысын ең әуелі анасына апарып береді екен.Егер өз қарабасыңды ғана ойлап, отбасыңа табысыңды бөліспесең, бұны бақыт деп айтуға келмейді дейді Қайрат Нұртас.

Әнші жігіттер қауіміне табыстың берекесін келтіретін өзі ұстанатын құпиямен бөлісті, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

“Неге олар кінәлі емес қой, Қайрат Нұртастың ата-анасы болғанына. Менің екі інім кінәлі емес қой, Қайрат Нұртастың інісі болғанына, менің отбасым, бала-шағам кінәлі емес Қайрат Нұртастың отбасы болғанына.Олар күнде банан жейді, олар күнде ананас жейді, әрқайсысының астында машина бар шүкір. Олардың бәрін істеп жатқан мен, оларды мойындаймын. Бірақ, мен қарабасымды ғана алып қашатын жігіт емеспін.

Мен жасым 34 ке келседе осы уақытқа дейін бүкіл табысымды бірінші анама апарып беремін. Соның арқасында шығар анам берекелі бәріне шашып беруші.Ол бәрін ойлайды.Мен өз қарабасымды ойлап, самолет алып, басқа жақта жүрсем, әке-шешем ауылда тұратын болса, ол кезде бұл не бақыт маған? Бауырыммен бірге көрмеген бақыт, бақыт емес.Сондықтан айтарым, қарабастарыңызды ойламай, қасыңыздағы бауырларыңызды Алла тағала несібе етіп қойғаннан кейін сен арқылы, сен міндетсінбеуің керек”,- дейді Қайрат Нұртас.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар