“Келінжан” сериалындағы ең қаламақысы қымбат актердің есімі айтылды
- автор Анар
- 11 қазан, 2023
- 20.9k
“Хабар” арнасындағы “Ұйқым келмейді” бағдарламасында продюсер Гүлнұр Мамасариповаға актерларға қатысты интерактивті ойын берілді. Яғни, ойын шарты бойынша продюсер "Келінжан" сериалындағы актерлердің арасынан ең жалқау, ең ұмытшақ, ең қымбат және ең ұрысқағын таңдады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Сериалдағы ең қымбат актриса ретінде, сериалдағы Күлімхан апаның рөлін сомдаған Лейла ханым таңдалды. Бірақ гонорар мөлшері айтылмады. Келесі ең жалқау актерді таңдау кезінде продюсер ешкімді таңдағысы келмейтінін айтты.
“Бұның ішінде негізі жалқауы жоқ.Ешкімді жалқау дегенге қия алмаймын. Егер айтсам ол өтірік болады. Мен жалқау актерді ұстамаймын ғой”,-деді продюсер Г.үлнұр Мамасарипова.
Келесі ең ұмытшақ актер номинациясына Дәулет пен Сара таңдалды. Ал, сериалдағы ең ұрысқақ актерға продюсер:
“Бұлардың ешқайсысы момын емес шыныменде. Ұрысқақ деген жаман сөз негізі. Ешкім артық сөйлемейді, бірақ ең көп талап қоятын, сол талаптың арқасында сөйлеп қалатын актриса ол- Дариға”,- деді продюсер