Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарттар үйінде 71 жастағы қария тірідей жанып кетті

Қарттар үйінде 71 жастағы қария тірідей жанып кетті
Қонаев қаласындағы қарттар үйінде қарияның денесінің 80%-ы күйік шалған деп хабарлайды деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Мүгедектігі бар марқұмды қарттар үйіндегі қызметкерлер өртеніп жатқан кезінде ғана  көрген. Денесінің 80 пайызын күйік шалған ақсақал ауруханада көз жұмған. Қарттар үйінде әркім өзі жеке тұратындықтан, марқұмның өртенгенін ешкім байқамаған.

"Тұрғанда естідім, бір кісі қайтыс болып кетіпті деп. Көзі дұрыс көрмейді", – деді қарттар үйінің тұрғыны Қабыр Мұхамеджан.


«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері көрсеткен бөлме өрт болған жерге аса ұқсай қоймайды. Дегенмен, олар қарт бөлмесінде темекі тартқан, содан өрт шыққанын айтады. Өрт сағат 21:00-де шыққан.Төрт қызметкердің екеуі - күтуші. Олар 59 адамның таңертеңнен бастап памперсін ауыстырады. Екі мейірбике қызмет алушылардың денсаулықтарына жауап береді.

"Ол кісі мазасыз темекі шегеді, ал бізде темекі шегуге тыйым салынған",-деді аға мейірбике Жанар Байсалбаева.


Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мекемені тексерісіп, талапқа сай келмейтін тұстарын көрсеткен. Алайда қарттар үйінің басшысы еш шара қолданбаған.

"Аталған мекеме 2023 жылы 28 тамызда арнайы уақытында қызмет көрсететін келісімшартты көрсетпеді. Заң бұзылды, оны жою үшін екі ай уақыт берілген. Қазір 15 пункт бойынша ереже бұзу анықталды. Бөлмелер автоматты сигнализациямен жабдықталмаған",-деді Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Данияр Шындаулетов.


Бұл туралы дәрігерлер қарияның өте ауыр жағдайда ауруханаға түскенін айтады. Өлім ауызында жатқан қызмет алушының алған жарақаты ауыр болған соң, бірден жансақтау бөліміне жатқызған.

"Денесі 75-77 пайыз күйіп кеткен. Ал күйік тереңдігі 2-3 АБ боп есептеледі, – деді қалалық көпбейінді аурухананың травматолог дәрігері Шерзод Нуруллаев.


Облыстық прокуратура қызметкерлері іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша тергеліп жатқанын хабарлап отыр.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар