Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

23 жастағы Әлішер Сүлейменов әлемнің үздік шахматшысын ұтты

23 жастағы Әлішер Сүлейменов әлемнің үздік шахматшысын ұтты
kazchess.kz
Отандасымыз Доха қаласында өтіп жатқан "Qatar Masters Open" турнирінің екінші айналымында әлемнің ең мықты шахматшысы Магнус Карлсенді жеңді.

FIDE әлемдік рейтингі бойынша Әлішер Сүлейменов 528-орында, ал Карлсон бірінші орында, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Әлішер Сүлейменов Павлодар қаласында дүниеге келген. Былтыр шахмат Олимпиадасында ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.

Магнус Карлсен Twitter желісінде жазба жариялап,өзінің жеңілісіне қатысты пікір білдірді.
 

"Керемет ойын өткізіп, жеңіске лайық болған қарсыласымды кінәлағым келмейді. Бірақ, шынымды айтсам, ойынның басында қарсыласымның сағат тағып жүргенін көріп, ойын кезінде жинақтала алмай қалдым. Бұл ойларға тиісті түрде әсер ете алмағаным үшін бар жауапкершілікті өз мойныма аламын. Бірақ ұйымдастырушылардың алаяқтармен (ойын залында смартфондарымен серуендеп жүрген көрермендер) күреске салғырт қарайтыны қынжылтады", - деп жазды.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар