Сайрам ауруханасында кезек күтіп шаршаған тұрғын дәрігердің жүрек тұсына пышақ сұқты
- автор kyn.kz
- 14 қазан, 2023
- 7.0k
Түркістан облысында дәрігерге пышақ сұғып алған тұрғын қамауға алынды. Қанды оқиға Сайрам ауданының орталығы Ақсукенттегі жекеменшік клиникаларының бірінде болған, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
УЗИ кабинетіне кезекте тұрған пациент ұзақ күткеніне ашуланыпты. Оны сабырға шақырған рентгенолог екеуінің арасында жанжал туындап шекісіп қалған. Сыртқа шығып «әңгімелеспек болғанда» 27 жастағы жігіт дәрігердің жүрек тұсынан пышақ ұрған.
Суық қару жүректен 5 сантиметр төмен жерге кіргенімен, 30 жастағы рентгенолог аман қалды. Оған ота жасалып, ауруханада жатыр. Ал УЗИ кезегін күткісі келмеген науқас енді абақтыда сотын күтпек. Оны дереу қамауға алған полиция қылмыстық іс қозғады.
"Хирург болғаннан кейін маған ол қалыпты жағдай. Ал басқа әріптестерім қорқып қалды, «сондай жағдай бола ма» деп. Мұндайдан ешкім қорғалмаған, сақтандырылмаған. Ол еш ауытқуы жоқ, психдиспансерде есепте тұрмаған адам",-дейді хирург Шүкір Асланов.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




