Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Оңтүстік Кореяға жұмысқа барған қазақ қыздарды жезөкшелікке сатып жіберген

Оңтүстік Кореяға жұмысқа барған қазақ қыздарды жезөкшелікке сатып жіберген
www.uralskweek.kz
Оңтүстік Кореяға алдап шақырып, жөзекшелікпен айналысуға итермелеген қылмыстық топты жергілікті полиция ұстады

Қылмыстық топтың ісі Оңтүстік Кореяның Чеджу провинциясы астанасының аудандық сотында қаралып, қылмыскерлерге "шетелдік әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі" деген айып тағылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Оңтүстік Кореяда екі айыпталушы елге кіру тәртібінің қиын екенін ескеріп, Қазақстан азаматтарын көздеген. Солай әдейі қазақ әйелдерін іздеген.

Қылмыстық топ әлеуметтік желі арқылы 20 жастағы қазақстандық бойжеткенмен танысып, оған Кореяда жұмыс табуға көмектесетінін айтқан. Алайда Кореяға барғаннан кейін қазақстандықтың төлқұжатын алып, оны зорлап, видеоны таратамын деп қорқытып, қызды жезөкшелер үйіне берген.

«Олар әйелдерді барда жұмыс істеймін деп алдап, елге кіргізген. Содан кейін олар жәбірленушілерді пәтерінде қамап, клиенттерге қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Бір әйел қашып үлгерген, содан кейін ол полицейлерге хабарласқан. Құқық қорғау қызметкерлері оқиға орнына барып, күдіктілерді тұтқындап, бұл факті бойынша жан-жақты тергеу жүргізді», – деп жазылған жергілікті басылымда.

Бұған қоса,қылмыстық топ құрамында 40 жастағы Қазақстан азаматы болған. Жас қазақ қызын жұмысқа орналастыруға кепілдік берген де сол қазақстандық азамат екен. Сот үкімімен айыпталушылар бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар