БҚО-да Университет ғалымдары ғылыми зерттеуге берілген 55 млн теңгені ұрлап алған
- автор Анар
- 16 қазан, 2023
- 1.1k
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлері қаражат жымқырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді.
Оның айтуынша, ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін осы университетке 55 млн теңге бөлген. Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек еді.
"Алайда университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған. Бұған қарамастан атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған", - делінген хабарламада.
Прокуратураның тапсырмасымен қылмыстық істі экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеп жатыр.