27 жастағы ер адам мұсылмандарға бағытталған этникалық топқа қарсы үгіт жасады деген айып тағылды.
Үкімді Линчёпинг аудандық соты шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Сот оған шартты жаза беріп, айыппұл салды.
Істің қозғалуына айыпталушының 2020 жылы X-тегі (бұрынғы Twitter — ред.) парақшасы мен YouTube арнасына жүктеген бейнежазбасы негіз болған. Видеода ер адамның шошқа етіне оралған Құранды өртеп жіберген сәті көрсетіледі.
Линчёпингтегі сотқа келген ер адам өзінің бұл әрекеті исламды дін ретінде сынау мақсатында жасалғанын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Швецияда Құранды өртеуге бірнеше рет рұқсат берілген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024