Балжан Бидаш Жаханмен ажырасу себебін айтып жұрттан сөз естіді
- автор Анар
- 16 қазан, 2023
- 1.2k
OZMZғой бағдарламасында әнші Балжан Бидаш актер Жаһан Отарғалиевпен ажырасуындағы себептерін, үш жылдық тұрмыстық өмірі жайлы сыр шертті, деп жазады KYN.KZ. тілшісі.
"Бұл шешімді өзім қабылдадым. Өмірлік құндылықтарымыз сай келмеді. Жахан өте ақкөңіл, досқа адал жан. Мінезіміз сай келмеді. Бір-бірімізді түсіну қиын болды. Әзірге тек осы нәрсені ғана айта аламын. Мені ешкім қинаған жоқ. Осы үш жылдық тұрмыста есейдім деп айтсам болады. Сөйтіп, өз шешімім осы болды. Ажырасқанымызға төртінші ай өтіп жатыр.
Басында қатты қиын кезең болды. Өте үлкен күйзеліс болды. Шешім қабылдап кеткеннен кейін, пәтер жалдадым. Осыдан кейін менің белсенді өмірім басталды. Күйзелістен барынша алыстауға тырыстым. Бірақ іштей бір мұң, сағыныш мазалайды. Оңай емес қой. Қанша жыл бірге тұрған адам, бірге өмір сүрдім. Ол өмірді бірден өзгерту оңай болған жоқ. Менде қазір үй алу, пәтер алу керек деген жоспар бар. Қашанғы пәтер жалдап, такси қызметіне жүгінеміз", - деді Балжан Бидаш.
Балжан Бидаштың осы шешіміне оқырмандары қолдау көрсетіп, дұрыс жасағанын айтуда. Әрі әнші қазір әлеуметтік желіде белсенді болып жүр.