1xadv

Петропавлда жаттығу кезінде ішіне доп тиген жасөспірім қайтыс болды

Доп баланың ішінің жоғарғы жағына тиіп, ол басымен көгалға құлаған

ашық дереккөзі

Петропавлда жаттығу кезінде ішіне доп тиген жасөспірім қайтыс болды, - деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі   Massaget.kz    басылымына сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға дүйсенбіде кешке Жабаев көшесінде, Қарасай стадионына қарама-қарсы жерде болды.

2005 жылғы жасөспірім футболдан жаттығу кезінде жарақат алған. Оның эпигастрий аймағына (іштің жоғарғы бөлігі - еск.) доп тиіп, баспен көгалға құлаған.

Жедел жәрдем станциясына 18:36-да хабарлама түсті, ал 18:40-та дәрігерлер оқиға орнына жеткен.

Жасөспірім көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесінде сағат 20:10-да қайтыс болды.

 

Loading...