Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ІІМ Республика күнінде митинг өткізуге шақырған үндеулер туралы айтты

ІІМ Республика күнінде митинг өткізуге шақырған үндеулер туралы айтты
Айсулу Жумагулова
Министр: Күшейтілген қызмет режиміне көшеміз

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 25 қазан – Республика күні күшейтілген қызмет режиміне көшеді. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі  Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.

"25 қазан – мемлекеттік мереке. Әрине, біз оған дайындаламыз. Біз күшейтілген қызмет режиміне көшеміз. Қазір әкімдіктерден сол күндері өткізілетін барлық іс-шара туралы ақпаратты сұратып жатырмыз. Біз қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеміз",- деді Лепеха үкіметте өткен брифингте.

Ол әлеуметтік желіде 25 қазан күні көшеге митингке шығуға шақырып жатқан үндеулерге түсініктеме берді.

"ДВК (Қазақстанның демократиялық таңдауы) мүшелері жасап жатқан үндеулер бар. ДВК – ел аумағында қызметіне тыйым салынған экстремистік ұйым. Әрине, біз оларға митинг өткізуге жол бермейміз", - деді министр орынбасары.

Ал митингті әкімдікпен келіскен азаматтарды ешкім ұстап әкетпейді.

"Егер митингтің орны мен мақсаты заңнамаға сәйкес келсе, әкімдіктер рұқсат береді. Рұқсат етілген шараларда біз тек қана күзетеміз. Тыйым салынған жерде, әрине, оған жол бермеу бойынша шаралар қабылдаймыз", - деді Лепеха.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар