Жарқынай Ханайымның экс - күйеуі кинодағы ашық сахналары туралы сұрақтарға жауап берді
- автор Анар
- 17 қазан, 2023
- 2.7k
Әнші әрі актриса Жарқынай Ханайымның экс-күйеуі көпшілікті қызықтырған кинодағы "ашық сахналары" жайлы жұртты қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Оның қызының анасы да осы үшін бірге тұра алмағандарын айтқан еді. Бірақ актерге бұл мәселе емес сыңайлы, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Тілшінің “Ашық сахнаға түсу қиындық тудырмайды ма?” деген сұрағына актер: “Ашық сахна дегенде сүйісуді меңзеп тұрсыз ғой?! Жоқ, ешқандай қиындық тудырмайды. Серіктесің әдемі, сұлу болса қалай қиындық тудыруы мүмкін”, – дейді Айдар Асқарбек күліп.
Бірінші некесі сәтсіз аяқталған актерге екінші рет шаңырақ көтеру жайлы сұрақ қойды. Алайда Айдар бұл сауалға жауап беруден бас тартты.
Айдар Асқарбек әлеуметтік желіден қыруар қаражат табатынын да жасырмады. Ол ТикТок арқылы айына ең кемі 2 млн, ең көбі 7 млн теңге табады екен