Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген-Бахтиер Зайнутдинов

Қазақстан құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген-Бахтиер Зайнутдинов
Prosports.kz
Футболшы ЕУРО-2024 іріктеу матчында Финляндия қақпасына екі гол салып, командасына жеңіс әкелді.

Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапындағы 13 және 14-голын соғып, ең үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұған дейін аталмыш рекорд Руслан Балтиевке (13 гол) тиесілі болған еді. 

17 қазанда Қазақстан құрамасы ЕУРО-2024 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Финляндия командасымен кездесті. Тартысты матчта отандастарымыз камбэк жасап, тарихи жеңіске жетті. 

Айта кетейік, осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасын қоржынында 15 ұпай бар. Қазақстандықтар енді Еуро-2024 жолдамасы үшін таласты жалғастырады.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар