Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алдағы уақытта Қазақстанда медсақтандыруы бар адам ғана көлік жүргізеді

Алдағы уақытта Қазақстанда медсақтандыруы бар адам ғана көлік жүргізеді
Gov.kz
Денсаулық сақтау министрі не үшін тек медсақтандыруы бар адам көлік тізгіндейтінін түсіндірді.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұл бастаманың әлем бойынша қалыптасқанын тәжірибе екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.


"Бұл әлемде қалыптасқан тәжірибе",-дейді Ажар Ғиният.

Мәселен, дамыған мемлекеттерде көлік рөліне отырғың келсе, медициналық сақтандыру талап етіледі екен. Жыл сайын елімізде 3 мыңнан астам адам жол апатынан қайтыс болады деген деректі мысалға келтірген министр, осындай қиын жағдайға тап болған тұрғындар үшін медициналық сақтандыруды міндеттеу тиімді деген пайымда. Айта кетейік, бұған дейін сақтандырылмаған адамдарға мемлекеттік қызметтің кей түрін шектеу де ұсынылған еді.

Министр медсақтандырудың барлық адамда болуын міндеттеді.

"Апат көбейді. Жастар, балалар өліп жатыр. Адамдар ауыр жағдайда қалып жатыр. Мұндай жағдайға тап болған адамда медициналық сақтандыру бар ма деп сұрайтын қызметкерге қандай реакция болады деп ойлайсыз? Көмек көрсетіледі. Бірақ медицина қызметкерлеріне адамның сақтандырылған немесе сақтандырылмағанын сұрау оңай деп ойлайсыз ба? Мұның бәрі денсаулыққа байланысты. Ұсыныс әлі талқыланатын болады. Бірақ медициналық сақтандыру бәрінде болуы міндетті”-,Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар