Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ыбырай Алтынсарин шоқынған!» : Ринат Зайытов жұртты шулатқан мәлімдемесін түсіндіріп берді

«Ыбырай Алтынсарин шоқынған!» : Ринат Зайытов жұртты шулатқан мәлімдемесін түсіндіріп берді
Kyn.kz
Әлеуметтік желіде Ыбырай Алтынсарин жайлы Ринат Зайытовтың сұхбаты біраз дау тудырды.

Ринат Зайытовтың сұхбатын әлдекімдер монтаждап, ақпаратты бұрмалаған. Бұндай ақпараттық шабуыл болатынын Ринат Зайытов алдын ала білген екен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.

"Жұрттың Ыбырайы — Ыбырай, біздің Ыбырай — сұмырай» деп айтылған сөзді білесіз ғой. Бұл біздің Ыбырайға қатысты айтылған. Қанша тарихшылар, қанша әдебиетшілер айтса да, мен ақын ретінде айтайын, Ыбырай Алтынсаринның ряса киген суреті бар. Соны халық біле ме? Білмейді. «Бір Құдайға шоқынып, кел балалар оқылық» дейді. Кейін біз ғой, өзгертіп алған, «Бір Аллаға сыйынып» деп",-дейді Ринат Зайытов.

Әлеуметтік желіде біраз дау тудырған осы сұхбат. Онда Зайытов ұлы ағартушы Алтынсариннің шоқынғанын айтқан. Христиан поптарына тән киім киіп, тіпті «Бір Құдайға шоқынып» деген өлең жолдарын, қазақтар кейін «бір Аллаға сыйынып» деп өзгертіп алды делініпті. Артынша желіде сұхбаттың толық нұсқасы жарық көрді. Сөйтсе, видео әбден монтаждалған екен. Толық нұсқасында «мектеп ашу үшін Ыбырай Алтынсарин шоқынған болып көрініп, патша үкіметін алдады» депті депутат. Бірақ мұндай кесілген бейнеролик Зайытовтың өзін таңқалдырмаған сыңайлы. Осылай боларын білдім дейді ол.
 

"Ондай сөз жоқ, оның ішінде. Ол мектеп ашуға мәжбүр болып, осындай әрекеттерге барды деген бар. Егер сіз сұхбатты толық көрсеңіз. Бұл, қателеспесем, ақпан айында болған. Бұл шабуылдың болатынын мен алдын ала білдім. 15-17 қарашаның арасы деп отыр маған, жеткен ақпарат бойынша. Айтып алсын, барлығын. Содан кейін өзім жауабын беремін толық",-дейді Ринат Зайытов.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар