Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сенатор Геннадий Шиповских теміржолшыларды 55 жастан зейнеткерлікке шығаруға ұсыныс тастады

Сенатор Геннадий Шиповских теміржолшыларды 55 жастан зейнеткерлікке шығаруға ұсыныс тастады
Islam.news
Бұған қоса, жұмысшылардың жалақы меселесін де көтерді.

Сенатор Көлік министрлігінің «ең төменгі санаттағы мамандардың жалақысы өңірлерде  280-382 мың теңге аралығында» деген ақпаратын жоққа шығарды,деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Шындығы «байланыс және белгі беру» мамандарының қолға алатын жалақысы Ақтөбеде 200 мың теңге, Қызылордада 180 мың, «жол жөндеушінің» жалақысы Абай облысында 160 мың теңге. Бұл -
теміржолшылардың өздері беріп отырған ақпарат деп жеткізді депутат.

“ Теміржол саласындағы қарапайым жұмысшыларға корпоративтік келісім немесе басқаша тетіктерді қарастыра отырып, 55 немесе 57 жастан зейнетке шығаруды, теміржол қызметкерлеріне арналған тұрғын үй бағдарламаларын құруды, сондай-ақ,
бағдарламаның тетіктерін барлық, өңірлерге енгізіп, жергілікті атқарушы органдармен нақты алгоритмі жасау. Депутаттық сауалға заңда көрсетілген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз”,-дейді депутат.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар