Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Салтанат Бақаева қыз ұзату үшін қанша гонорар алатынын айтты

Салтанат Бақаева қыз ұзату үшін қанша гонорар алатынын айтты
Кино-Театр.Ру
Әнші қыз ұзату тойының табыс көзіне айналғанын жасырмады.

Салтанат Бақаева кездейсоқ алғаш қалай тойға шыққанын айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

"Ризығым сол жақтан келіп жатқаны рас. Ол да бір кездейсоқ шыққан дүние. Әдейі қыз ұзату үшін ән жаздырмадым. Өзімнің құрбым тұрмысқа шыққанда, күйеуім Нұржан бара алмай қалды. Жалғыз барғасын, халық ән сұрайды ғой енді. Сосын "Келесі апта той. Тезірек жазып берші" деп дос композиторға бардым. Бір апта ішінде "Әгугай, құрбым" әнін жазып берді. Тегін келген дүние. Шу да болды ғой. Қазір бәрі жақсы. Ән заңды түрде менікі, менің атымда. Тыңдарманның көңілінен шықты. Әр адамның өз ризығы болады ғой. Өзгемен салыстырудың қажеті жоқ. Сұраныс жақсы. Жасырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Тойға шығатын гонорарым - 1 млн теңге", - деді Салтанат Бақаева.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар