Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2023 жылы Қазақстанда 12 адам несиесін төлей алмағаннан өз-өзіне қол жұмсаған

2023 жылы Қазақстанда  12 адам несиесін төлей алмағаннан өз-өзіне қол жұмсаған
Zakon.kz
Қазақстанда несие беру талаптары қатайтылуы мүмкін.

Ресми деректер бойынша қазақстандықтардың несиесі қазір 18 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Елдегі 8,4 млн адамның басында несиесі бар. Бұл туралы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. Қошановтың айтуынша, қазіргі уақытта халықтың 84 пайызында, яғни 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар.

Мұнымен қоса, соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27%-ға артқан. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі – 1,4 трлн теңге. Шамамен 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай жүр.

Осыған орай мәжілісте несие беру шарттарын қатайту ұсынылды. Бұған дейін 21 жасқа толмаған азаматтарға несие бермеу туралы да талқыланған еді.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар