Қоғам
Абай облысындағы түрмеде адам өлтіріп, 8 жылға сотталған келіншек тұрмысқа шықты
- автор kyn.kz
- 23 қазан, 2023
- 8.3k
Марина: жігітім менің ұзақ мерзімге сотталғаныма да қарамастан ұсыныс жасады
Абай облысындағы әйелдер колониясында сотталған Марина есімді әйел тұрмысқа шығыр, некесін заңды түрде қиды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен сүйіктімді көптен бері білемін, бірақ ол жақын жерде болған кезде бізде отбасын құру туралы ой болған жоқ. Бірақ қашықтық бізді жақындатты. Біз бір-бірімізге қаншалықты қажет екенімізді түсініп, жалғыз дұрыс шешімді таптық. Қарым-қатынасымызды заңдастырып, некемізді тіркедік. Мекеме әкімшілігі бүгін бізге мүмкіндік жасап, неке жүзіктерін пайдалануға рұқсат берді. Болашаққа жоспарымыз көп", - дейді сотталған Марина.
Жастар көп жылдан бері таныс, Марина колонияға екі ай бұрын Өскемен қаласынан келген. Оның сүйіктісін қыздың жаза мерзімінің енді ғана басталуы да тоқтатпаған. Марина аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған Марина алкоголдік масаң күйде танысына пышақ сұққан. Жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болып, күдікті қамауға алынды.
"Некені тіркегеннен кейін жас жұбайлар бірінші ұзақ кездесуге құқылы. Жыл басынан бері әйелдер колониясында үш сотталған отау құрды", - деп түсіндірді сотталғандардың арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ақмарал Қайранова.
Келесі мақала