Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ертеңнен бастап полицейлер күшейтілген режимде, көше-көшені аралап жүріп жұмыс істемек

Ертеңнен бастап полицейлер күшейтілген режимде, көше-көшені аралап жүріп жұмыс істемек
bureau.kz
Желіде халықты наразылық шарасына шақырушылар тоқтар емес

Республика күні мерекесіне орай Қазақстанның барлық қаласында дерлік полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істегелі отыр. Бұл жөнінде  Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев БАҚ өкілдері арқылы хабарлады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

«24-26 қазан аралығында жеке құрамның қызметі күшейтілген режимге ауысады. Әкімдіктермен бірлесіп мәдени іс-шаралар өтетін орындар белгіленді. Қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген.

Адамдар көп жиналатын және демалатын орындарда полиция жасақтары болады. Сонымен қатар адамдар жиі шоғырланатын орындар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары мен визуалды бақылауға алынады. Ахуалды мониторинг үшін жедел штаб жұмыс атқарады. Штабтар барлық өңірде ашылады», - дейді ол.

Бұған дейін әлеуметтік желілердегі түрлі митингіге шақыруларға байланысты ІІМ орынбасары Игорь Лепеха  ешқандай митингіге рұқсат жоқ екенін ескертті. Бірақ, әлеуметтік желі арқылы белсенділер қарапайым халықты 25-і күні наразылық шарасына қатысуға үндеулерін жалғастырып жатыр. атап айтқанда олар ДВК Мұхтар Әбілязов бастаған топ мүшелері.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар