Түркістан облысында жемқорлық фактісін хабарлаған 7 азаматқа 1,6 млн теңге сыйақы берілді
- автор Анар
- 23 қазан, 2023
- 987
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы 3 жылда Түркістан облысында жемқорлық қылмысының жолын кесуге жәрдемдескен 36 тұрғын 5,1 млн теңге сыйақы алған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ал биылғы жыл басынан бері жемқорлық фактісін хабарлаған 7 азаматқа 1,6 млн теңге сыйақы тағайындалды.
Тұрғындардың хабарламаларымен білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, құрылыс, жер қатынастары және спорт салаларында жемқорлық қылмыстары анықталып отыр.
Заң талаптарымен көзделген сыйақы мөлшері жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты төленеді.
Сыйақы соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі немесе әкімшілік жаза туралы қаулысы болғанда беріледі. Сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған кез келген азамат @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы арқылы хабарлай алады, - делінген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.