Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Биыл елдегі орташа жалақы 322 845 теңгені құрады

Биыл елдегі орташа жалақы 322 845 теңгені құрады
Tengrinews
Орташа жалақы ерлерде 361 481 теңге болса, әйелдерде 285 744 теңге.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең жоғары орташа айлық Атырау облысында – 530 мың. Екінші орында Маңғыстау облысы (469 мың теңге), үшінші орында Ұлытау облысы (445 мың теңге),деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Ал ең төменгі орташа жалақы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Бұл жақта жұмысшылар 227 мыңның шамасында алады.

Жалпы елде 3 млн 437 мыңға жуық жалдамалы жұмысшы бар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдегі орташа жалақы 309 867 теңге болған. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 70 000 теңге болып белгіленді.

Ұқсас жаңалықтар