Бас прокуратура: Бекетаев расымен ел аумағынан шығып кетуге әрекет жасаған сәтте ұсталды
- kyn.kz
- 26 қазан, 2023
- 1.7k
Әсет Шындалиевтың айтуынша, бұрынғы Әділет министріне қатысты қылмыстық іс мемлекетке ірі көлемде залал келтіру, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бойынша қозғалған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
"Бекетаев расымен ел аумағынан шығып кетуге әрекет жасаған кезде ұсталды. Қалған мәліметтер сотқа дейінгі тергеуге байланысты құпия болып табылады. Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жария етілмейді", - дейді Әсет Шындалиев.
Бас прокурордың орынбасары Бекетаевтың нақты қай жерде ұсталғанын нақтыламады.
Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.
23 қазанда Антикор ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады. Кейін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынғанын мәлімдеген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Доллар көтеріліп, теңге әлсіреді: үкімет мәлімдеме жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 2 желтоқсан, 2024