Алматы облысында 10 жасар қызды 60 жастағы көршісі 2 жыл бойы сексуалдық қорлықта ұстаған
- автор kyn.kz
- 26 қазан, 2023
- 8.0k
Тағы да қаршадай қыз зорланды! Шалыс естімедіңіз, Алматы облысында 10 жасар бүлдіршінге 60 жастағы еңгезердей еркек екі жыл бойы білгенін істеп келген. Айтса ауыз бармайды, әуретін уқалап, өзінікін ұстатып әбден қиянат көрсеткен. Тіс жарсаң, тіліңді кесем, көмейіңді жұлам деп қорқытқан. Соңғы рет тіпті, бүлдіршіннің үйіне келіп тиіскісі келген. Дәті шыдамаған бала бірден анасына хабарласқан, деп жазды KYN.KZ тілшісі Еуразия Бірініші арнасына сілтеме жасап.
«Міне, күйіктен қан жылап отырмын. Кеше РОВД алдында құлап жаттым. Жылап. До того менің сеніміме кіріп алып, мен күйіп бара жатырмын қазір»,-дейді қорланған қыздың әжесі.
Өзегі өртеніп, іші күйіп, өксігін жұта алмаған әже бір аптадан бері ұйқысыз. Бауырына басқан немересін көршісі екі жылдан бері қорлап келген. Айтса адам нанғысыз, «сары қыз» деп еркелете жүріп, етегін түрген азғын 60-тағы (асқаралы алпысты алқымдаған шал)))) шал. Әуелі кәмпитпен алдаған, артынша, онысын әдетке айналдырған. Біреуге тіс жарсаң тіліңді кесіп, көмейіңді жұлам деп қорқытқан.
«Жаным - ау неге айтпадың дедім. «Апа мен қорқамын ғой. Доспыз деген. Жаман нәрсе істеймін деп айтқан. Одан бетер қатты жасаймын деп айтқан» дейді. Содан ана еркектің өзін көресің зіңгіттей. Менің қызым мынадай кішкентай ғана бала ғой. Содан қорқып жүрген осы күнге дейін тіс жармай»,-дейді қорланған қыздың әжесі.
Жау алыстан емес, арқа тірескен үйде тұрады. Бір құдықтан су, бір үстелден ас ішкен Құдайы көршілері. Қолы қалт босаса қызды үйіне алып кетеді екен. Ол кезде не бар 3-сыныпта оқыған. Екі жыл бойы төсегіне тартып, әбден азғындық жасаған. Биыл 5-ші сыныптағы қыз сәл есейді ме, жақсы мен жаманды айырды ма, шешесіне айтуға қорықпапты.
«Бірінші үйінде істеген. Үйінде көп рет болған дейді. Мына жақта қараңғы жерлерге апарған дейді. Қыз бәрін көрпсетіп тұр. Мотоциклда болған дейді. Қыз мына үйін 2-3 рет көрсетті. Бір күні енді істейін деп жатқан кезде әйелі келіп қалды дейді. Киініп үлгердік дейді. Бірақ, бәрін үйреткен. Қыз өзі айтып тұр. Уқалаған. Ақ сұйықтық ағатынын»,-дейді зорланған қыздың анасы.
Бүлдіршін достарымен ойнаса да, атаға барам, ұрысады деп жиі кетіп қалатын болған. Ауыл жұрты сары қызды дәл осы көрші мопедіне мінгізіп ауыл шетіне алып кететінін талай көрген. Бірақ, немересіндей баланы пайдаланады деп үш ұйықтаса түсіне кірпепті.
«Шәй ішемін, Ерболат аға маған кәмпит береді. Құдайы тамақтан келіпті шәй ішеміз жүр барасың ба деген бір рет жоқ бармаймын дедім. Маған ол аға ұнамайды вообще. Көшеде отырад та ары бері өтсең тиіседі»,-дейді қорланған қыздың құрбысы.
«Біз кешке жақын мына жерде отырамыз. Ол қызды балалармен ойнап жүреді. Балажан кісі ма сондай. Сонда Мадинаны ары бері алып жүргенін көрдім. Мектепке апарып тастағанын, мектептен алып қайтқанын да көрдім. Ол рас»,-дейді Қарақыстақ ауылының тұрғыны Жанар Смағұлова.
Ауыл жұрты алай-дүлей күйде қазір. Бәрі шеттерінен қыздарын сұрақ астына алып, көршінің тиіскені не тиіспегенін анықтап жатыр өздері. Ал, 60-тағы ер азаматтың әйелі мен өгей қызы бар екен. Ағайыны көп үлкен әулет көрінеді. Отбасына келіп кешірім сұрап, сұраған суммаңызды тауып береміз деген. Полицияға арыз түскен күні күдікті үйінен қашып біраз тығылыпты. Екі күн бұрын ұсталған.
«Жамбыл ауданының полициясында ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша, кәмелет жасқа толмаған балаға сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша, қылмыстық іс тіркелді. + Қазіргі уақытта іс материалдары "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялау мақсатында сотқа жіберілді»,-дейді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайдильдин.
Қыздың анасы қылмыстық істі дәл осы баппен қозғалғанына келіспей отыр. Өйткені, зорланбаса да, зорлауға оқталды дейді. Өзіне дайындап, бүлдіршіннің болашағын құртты деп жыларман күйде. 10-дағы оқушы қазір мектептен босатылған. Психологтар жұмыс істеп жатыр.