Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Гүлзира Айдарбекова: Келіндерім үшін жүрегімді жұлып беруге дайынмын

Гүлзира Айдарбекова: Келіндерім үшін жүрегімді жұлып беруге дайынмын
Tolqyn
Продюсер келіндерімен арақатынасы қандай екенін айтты

Гүлзира Айдарбекова келіндерін өз қызындай көргенін алға тартып, оларға көп жеңілдік жасайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

Бірақ, уақыт өте келе жұлдызды ене келін келіндігімен жүру керек деген ой түйген. "Келіндерім үшін жүрегімді жұлып беруге дайын тұрамын. Бірақ сол махаббатқа бірі лайық болса, бірі лайық болмай жатады.

Әрқайсысы әр түрлі, алған тәрбиесі басқа, өмірге деген көзқарасы басқа. Білетіні де бар,білмейтіні де бар. Балаларым өз еркімен өмір сүреді. Менің еркімен болса, бәрі басқаша болар еді. Бұған дейін балаларымның өмірі күті болса екен деп келдік. Енді немерелерім мен келіндерімнің өмірі күшті болса екен деп отырамыз.Мен таңғы бесте базарда сауда істедім, олар жылы төсегінде ұйықтаса екен деймін.

Сағат бірге дейін ұйықтай берсінші, тұрғызбайыншы деймін. Осындай көп жеңілдік істеп қойсаң, ол да болмайды екен. Келін келіндігімен жүре керек екен. Ал мен қыз аламын деп ойлап қалдым. Өзімнің қызым болады дедім", - деп ағынан жарылды продюсер Мақпал Қаратайға берген сұхбатында.

Ұқсас жаңалықтар