Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бәле болды": актер Айдар Асқарбек Аша Матай үшін төбелескен күндерін еске алды

"Бәле болды": актер Айдар Асқарбек Аша Матай үшін төбелескен күндерін еске алды
https://instagram.com/aidar__askarbek
Өнер иесі бұл жайлы Taboo бағдарламасында айтты

Актер Айдар Асқарбек қарындасы Аша Матай үшін төбелескен кездерін жеткізді, дейді KYN.KZ.

"Сол қыз үшін студент кезде қанша төбелестім? Бір оқиға болған. Мен үйге келсем, ол бір жаққа жиналып бара жатыр. Қай жаққа бара жатырсың деп сұрадым. Аша "Бір жаққа кетіп бара жатырмын" дейді. Алдамайтын, "қыздармен" деп айтпады. Мен бірден түсіндім де, кім екенін сұрадым.

Аша қобалжып, анама қарайды. Ал анам рұқсат беріп қойған. "Барсын! Студент болды. Мен рұқсат бердім, кім екенін білемін" деді. Мен "Бармайды" деп, есікті құлыптаймын. Тазалап, шығарып қойған аяқ киімін лақтырып жіберемін. Аша "Анашым, маған неге әпке туып бермедің? Маған бәле болды ғой" деп жылады", - деді Айдар Асқарбек.

Ұқсас жаңалықтар