Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абзал Құспан: Осы күнге дейін шахтада 100 адам мерт болып, 150 адам жараланды, Үкімет қайда қарап отыр?

Абзал Құспан: Осы күнге дейін шахтада 100 адам мерт болып, 150 адам жараланды, Үкімет қайда қарап отыр?
Informburo.kz
Соңғы болған қайғылы жағдайға қатысты депутат ашық ойын жеткізді

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Костенко шахтасында болған жарылысқа қатысты фейсбук парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ.

« Өзекті өртейтіні – соңғы жылдары «АрселлорМиттал Теміртау» өндіріс ошақтарында болған қайғылы оқиғалар тізбегі көбейді. Осы уақытқа дейін «АрселлорМиттал Теміртауға» қарасты кен орындарында болған апаттан 100-ден аса адам қаза тапқан, 150-ден аса адам түрлі деңгейдегі жарақат алған.

Оның ішінде жарақатының ауырлығынан мүгедек болып қалып, еңбекке жарамдылық қабілетінен айрылғандары да бар. Былтыр бір аптаның ішінде бес жұмысшы қаза болғаны есімізде. Биыл тамыз айында «Казахстанская» шахтасында болған өрт салдарынан 4 адам бақилық болды. Осындай кезде Үкімет қайда қарап отыр деген сұрақ туындауы заңды», - деп жазды депутат.

Депутаттың сөзіне сәйкес, бұл апаттардың барлығы өндірістік қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан туындаған. Бұл туралы компанияға мемлекет тарапынан талай аудит жүргізіліп, мониторинг жасалып, компания басшылығына талай ескерту жасалып, айыппұлдар салынған.

Тамыз айындағы апаттан соң, президент аты шулы компанияның орнына басқа инвестор табу туралы Үкіметке тапсырма берген. Түндегі апаттан соң «АрселлорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық келісімді бұзу туралы шешім қабылданған.

Сондай-ақ бұл көпшіліктің көптен күткен жаңалығы болғанымен, мұндай шешім бір күнде қабылданбайтынын, себебі оның құқықтық астары көп екенін жеткізді. Шамасы, былтырдан бері жүргізілген тексерулер мен бірнеше айдан бергі келіссөздердің нәтижесі осыған әкелген.

Ұқсас жаңалықтар