Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Костенко шахтасында қаза болған 46-шы кеншінің денесі табылды

Костенко шахтасында қаза болған 46-шы кеншінің денесі табылды
ашық дереккөзі
Шахтадағы апаттан қайтыс болған соңғы кеншінің мәйіті табылды

Қарағанды облысында орналасқан "АрселорМиттал Теміртауға"қарасты Костенко кен орнындағы апаттан қайтыс болған соңғы кеншінің денесі шахтадан жер бетіне шығарылды. Бұл жөнінде марқұмның туыстары хабарлады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

Үш күн бұрын болған өрттен құтқарушылар 46 кеншінің мәйітін алып шықты. Қазақстан тарихында үлкен апат ретінде қалатын қайғылы жағдайға байланысты президент 29 қазанды жалпы ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Кен орнының басшысы ауысып, апат салдарынан жараланғандар мен қайтыс болғандардың туысына  материалдық көмек көрсетілетіні айтылды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар