Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ирина Кайратовна» тобы мобилографының өліміне қылмыстық іс қозғалды

«Ирина Кайратовна» тобы мобилографының өліміне қылмыстық іс қозғалды
РБК
«Адамның өлімі» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

«Ирина Кайратовна» тобының мобилографы Шахназ Жылқайдаровтың өлімі бойынша іс қозғалды. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Мобилографтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.Бүгінде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сараптамалар әлі дайын емес. Аталған факті бойынша «адамның өлімі» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ елорда полициясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты және өзге де деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтындығын ескертті.

Еске сала кетейік, 14 қазан күні Астанада «Ирина Кайратовна» тобының концерті барысында мобилограф Шахназ Жылқайдаров сахнада құлап, қайтыс болды.

Ұқсас жаңалықтар