Бұған дейін Алматы әкімдігі көлік иелеріне 2023 жылғы 31 қазан мен 1 қараша аралығында қалада аяз болуы мүмкін екенін ескерткен болатын, дейді KYN.KZ.
Сондай-ақ Астанада бір апта ішінде қар жаууы мүмкін екені хабарланды. Басқа өңірлерде де жауапты ведомствола көлік иелерін қысқы маусымға дер кезінде дайындалуға, жазғы дөңгелектерді қыстық дөңгелекке ауыстыруға шақырды. Қауіпсіздік шарасын елемеу тек айыппұлға ғана емес, сонымен қатар жолда оқыс жағдайға да әкелуі мүмкін.
Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің 8-қосымшасының 5.5 тармағы бойынша сәйкес келмейтін дөңгелек түрлерін пайдалануға тыйым салынған.
Құжатта "қыста (желтоқсан, қаңтар, ақпан) – қысқы дөңгелектермен жабдықталмаған M1 және N1 санаттарындағы көлік құралдарын жүргізуге тыйым салынады;
жазда (маусым, шілде, тамыз) – сырғанауға қарсы шипалары бар дөңгелектермен жабдықталған көліктерді пайдалануға тыйым салынады", - делінген.
Яғни, құжатта белгілі бір айларда дөңгелек ауыстыру міндетті деп көрсетілген. Десе де, көлік иелеріне ауа райына байланысты дөңгелектерді ертерек ауыстыру ұсынылады. Бұл әсіресе солтүстік аймақтарға қатысты, өйткені өңірде қар ертерек жауып, аяз болуы мүмкін.