Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Енді көзі тірісінде донор болудан бас тартпаса, қайтыс болған соң органдары автоматты түрде алынуы мүмкін

Енді көзі тірісінде донор болудан бас тартпаса, қайтыс болған соң органдары автоматты түрде алынуы мүмкін
Massaget
Науқастың “Еговта” дене мүшелерін қолдануға пікірі болмаса, органы реципиентке ауыстырылады

Енді қазақстандықтар көзі тірісінде донор болудан бас тартпаса, қайтыс болған соң органдары автоматты түрде алынуы мүмкін, дейді KYN.KZ тілшісі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. Яғни, қазір денсаулық сақтау министрлігі марқұмдардың ағзаларын алуға рұқсат сұрау тәртібін өзгертуді ұсынып отыр. Нақтырақ айтсақ, рұқсат сұрау түсінігін жойып, «үнсіз қалғаны – келіскені» ұғымын енгізбек. Демек, бұдан былай хәл үстінде жатқан азаматтың электрондық үкімет порталында дене мүшелерін пайдалануға қатысты пікірі болмаса, органы реципиентке ауыстырылады.

Қазақстанда қайтыс болғандардың органдарын пайдалануға рұқсат алу тәртібі өзгертілгелі жатыр. Яғни, енді көзі тірісінде қандай да бір дене мүшесін беруден бас тартпаған адамның бәрі донор санатында болады. Мәселен, бұған дейін науқасқа «ми өлімі» диагнозы қойылса, дәрігерлер «Егов» порталынан марқұмның донорлыққа қатысты пікірін іздейтін. Себебі, кәмелет жасына толған әр азамат порталда келісетініне, не келіспейтініне қатысты ақпарат қалдыратын. Егер, болмаса ақ халаттылар туыстарымен келіссөз жүргізуге кіріседі. Бірақ, көп жағдайда сырқаттың жақындары туыстарының органын беруге қарсы шығады.

 Алайда, бұл дұрыс тәжірибе емес дейді мамандар. Өйткені, донор бола ма, жоқ па, ол – әр адамның жеке таңдауы. Түзетулердің негізгі себебі де сол. Демек, «Еговта» пікірі болмаса, автоматты түрде донор атанады. Ал алматылықтар адам пікірін көзі тірісінде сұрау керек деп отыр.
Демек, енді кім үзілді-кесілді қарсы, бас тартуға тиіс. Ал, басқалары әлеуетті донор. Яғни, министрлік, азаматтардың донорлыққа келісімін сұрап жатпайды.

“ Ешқандай туысқандарымен сөйлесу болмау керек негізі. Ондай тәртіп ешқайда осы әлемде тәртіп жоқ. Өлім жағдайында донор болғысы келе ме, жоқ па екен сондай ақпаратты қалдыру керек. Егер, ондай ақпарат болмаса, онда келісті деген не болады, шешім қабылданады”,-дейді Сәуле Шайсұлтанова, Республикалық трансплантацияны үйлестіру орталығының директоры.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар