Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Құрбыларым ақша берді": Актриса Дариға Бадықова фильм түсіру үшін қанша қаржы жұмсағанын айтты

"Құрбыларым ақша берді": Актриса Дариға Бадықова фильм түсіру үшін қанша қаржы жұмсағанын айтты
08info.kz
Актриса киносына 108 млн теңге жұмсаған

Бадықова кино түсірерде өзінің ауқатты құрбыларының көмегі зор болғанын айтты,дейді KYN.KZ тілшісі "Ұйқым келмейді" бағдарламасына сілтеме жасап. Актриса кино түсіру туралы ой туындаған сәтте оларға хабарласып, қаржылай көмек сұраған.

"Тайландта жүрген кезде маған кино түсіру иедясы келді. Менің өзі екі құрбым бар. Сол екі құрбыма Тайландтан қоңырау шалып, "кино түсіргім келеді, ақша беріңдер" дедім. Ақша берді. Олар ауқатты, ішіп-жемдері мол. Әзірге ақшаны, байлықты жүректеріне салмаған. Үлкен өнерге салды. Үлкен алғыс. Киноға 108 млн теңге кетті. Соның сегіз миллионын өз қалтамнан шығардым. Фильмнің түсіріліміне қатысқан барша жандарға қолымнан келгенше, өз деңгейімде гонорар бердім. Ешкімді ренжітпедім деп ойлаймын", - деп ағынан жарылды актриса "Ұйқым келмейді" бағдарламасында.

Ұқсас жаңалықтар